Астана қаласында өтетін бизнесті дамытуға арналған кездесу
Осы көктемде Coral Club серіктестері ауқымды іс-шараға жиналып, командаларын қалай күшейтуге болатынын үйренеді. Конференция Директор және одан жоғары дәрежедегі дистрибьюторлар үшін пайдалы болады, өйткені мұнда сіз:
— әр түрлі аймақтардан келген серіктестермен тәжірибе алмасасыз;
— өз желіңіздегі серіктестерді оқытуға арналған тиімді әдістерді меңгересіз;
— негізгі жаңа өнімдер туралы ақпарат аласыз;
— кәсіби коммуникацияның жаңа деңгейіне шығасыз;
— жаһандық стратегияларға арналған инсайттар алып, оларды жүзеге асыруға арналған құралдарды пайдалана аласыздар.
Тіркеліңіз — мықты команданы құруды және салауатты өмір салты саласында дамуды қалайтын әрбір жанды күтеміз!
Қашан: 15-16 мамыр
Мекенжайы: THE RITZ-CARLTON, ASTANA
Кімдер тіркеле алады:
Тіркеу «Тұтынушы» дәрежесінен бастап клубтың кез келген мүшесіне қолжетімді.
Конференцияға кімдер қатыса алады:
— 2026 жылдың ақпан, наурыз және сәуір айларының нәтижесі бойынша «Директор» және одан жоғары дәрежені растаған клуб мүшелері;
— 2026 жылдың сәуір айның нәтижесі бойынша «Жаңа Директор» дәрежесін алған клуб мүшелері.
Қатысу үшін міндетті түрде «Директор» және одан жоғары дәрежені растау қажет. Жаңа қатысушы көрсетілген дәрежеге жеткен жағдайда қатысушыны ауыстыруға болады.
Ережелерді сақтамаған жағдайда билет құны қайтарылмайды.
Тілі: орысша
Форматы: офлайн
Қатысу құны:
алғашқы 300 орын — 38000 ₸
келесі 350 орын — 45000 ₸
келесі 150 орын — 50000 ₸
келесі 150 орын — 60000 ₸
*әрбір баға бойынша билеттер саны шектеулі
Төлем түрлері:
Сату кеңселерінде қолма қол ақша арқылы
Егер осы нұсқаны таңдасаңыз, өтінімді бергеннен кейін 14 күн ішінде қатысу құнын төлеу маңызды, әйтпесе жүйе оны автоматты түрде жояды.
Бонустық шот арқылы:
— соңғы есептік ай бойынша «Директор» дәрежесіндегі қатысушы тіркеу кезінде өз өтінімін 30 сәуірге дейін бонустық шот арқылы төлей алады.
Серіктестер үшін бонустық шот арқылы өтінімдерді төлеу:
— Жабық «Күміс Директор» дәрежесінен жоғары(Соңғы жабылған есептік ай нәтижесі бойынша) дистрибьютор өз чегінен өз өтінімін және кез келген 3 басқа өтінімді төлей алады;
— Жабық «Алтын Директор» дәрежесінен жоғары(Соңғы жабылған есептік ай нәтижесі бойынша) дистрибьютор өз чегінен өз өтінімін және кез келген 6 басқа өтінімді төлей алады;
— Жабық «Мастер» дәрежесінен бастап дистрибьютор өз чегінен кез келген өтінім санын төлей алады.
МАҢЫЗДЫ! Төленген өтінімдер үшін ақшаны қайтару қарастырылмаған. Қатысушыны ауыстыру мүмкіндігі ауыстыру жасалған сәттегі бағаға сәйкес жүзеге асырылады. Қатысушыны ауыстыру қажет болса, өзгерістер енгізу үшін 24 сәуірге дейін ұйымдастырушыларға хабарласыңыз. 25 сәуірден бастап қатысушыларды ауыстыру мүмкіндігі жоқ!
Барлық сұрақтар бойынша Coral Club іс-шараларды ұйымдастыру бөліміне 10:00–19:00 аралығында хабарласуға болады: