Gold for Gold Asia 2026 трансфері — жайлы әрі алаңсыз сапар!
Gold for Gold Asia 2026 қатысушылары үшін Астана әуежайынан (NQZ) Rixos Borovoe қонақ үйіне және кері бағытта трансферге тапсырыс беру мүмкіндігі қарастырылған.
Трансферлер іс-шараның ресми күндерінде қолжетімді:
• 2026 жылдың 17 тамыз күні — келу күні
• 2026 жылдың 19 тамыз күні — кету күні
Аэропорттан қонақ үйге трансфер
17 тамыз күні сағат 09:00-ден 10:00-ге дейін әуежайдың автотұрағында қатысушыларды компания қызметкерлері қарсы алып, трансферге дейін алып барады.
Қона қүйден әуежайға трансфер
19 тамыз күні сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін трансфер қатысушыларды қонақ үйдің негізгі кіреберісінде күтеді.
Тіркелу шарттары:
Жолаушының жасына қарамастан, әрбір жолаушы үшін жеке өтінім рәсімделуі қажет.
Өтінімді тек Gold for Gold Asia 2026 іс-шарасына тіркелген қатысушылар мен олардың қонақтары бере алады.
Бару және қайту трансферіне тіркелу 2026 жылдың 17 тамыз күнін қоса алғанда қолжетімді.
17 тамыздан кейін компания ұсынатын трансферге өтінімдер қабылданбайды. Мұндай жағдайда қатысушылар көлік мәселесін өз бетінше шешуі немесе іс-шара орнындағы компания қызметкерлеріне жүгінуі қажет.
Жоспарларыңыз өзгерген жағдайда (келу/кету күні немесе уақыты өзгерсе), іс-шаралар бөліміне немесе өңірлік менеджеріңізге дереу хабарлауыңызды сұраймыз. Өзекті ақпарат болмаған жағдайда қызмет бұрын ұсынылған деректер негізінде көрсетіледі. Пайдаланылмаған қызмет үшін төленген қаражат қайтарылмайды.
Ұшақ рейсі кешіккен жағдайда, іс-шаралар бөліміне немесе өз өңіріңіздің менеджеріне дереу хабарлауыңызды сұраймыз.
Құны: бір жолаушы үшін барып-қайту трансфері — 15 000 теңге.
Төлем түрлері:
Қолма-қол ақшамен кеңседе төлеу (кеңсе орналасқан елдің ұлттық валютасымен).
Егер осы төлем тәсілін таңдасаңыз, өтінім берген күннен бастап 14 күн ішінде төлем жасауыңыз қажет. Әйтпесе жүйе өтініміңізді автоматты түрде жояды. Іс-шара өткізу барысында қолма-қол төлем қабылданбайды.
Бонустық шоттан төлеу
Соңғы есептік айдың қорытындысы бойынша жабылған Директор және одан жоғары дәрежедегі қатысушы өз өтінімін бонустық шотынан төлей алады. Қаражат өтінім берілген күннен кейінгі келесі айдың 7-сі күні автоматты түрде есептен шығарылады.
Бонустық шоттан басқа адамның өтінімін төлеу шарттары:
— Соңғы 3 ай ішінде Алтын директор дәрежесін растаған дистрибьютор өзінің бонустық шотынан 3 өтінімге дейін (өз өтінімін қоса алғанда) төлем жасай алады;
— Соңғы 3 ай ішінде Мастер дәрежесін растаған дистрибьютор өзінің бонустық шотынан өтінімдердің шектеусіз санын төлей алады.
Сұрақтарыңыз болса, Coral Club іс-шараларды ұйымдастыру бөліміне сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін хабарласыңыз:
— электрондық пошта: support.kz@coral-club.com;
— WhatsApp: +7 (707) 572-54-11.