Қонақ үй Анталья орталығынан 11 км қашықтықтағы Лара ауданында орналасқан. Жақын жерде теңіз жағасында серуендеуге және таңертеңгі жүгіруге таптырмас, ұзындығы 1500 метрге жуық абаттандырылған жағалау бар.
Miracle Resort Hotel 5★ қонақ үйінде белсенді әрі жайлы демалыс үшін барлық қажетті жағдай жасалған:
— дартс
— үстел теннисі
— баскетбол
— мини-гольф
— 2 теннис корты
— фитнес-орталық
— жабық бассейн (қыста жылытылады)
— гимнастика, зумба, kangoo jumps
— үстел ойындары: нарды, шахмат, карта
— анимациялық бағдарламалар
— жанды музыка
— дискотека
Қонақүй жайлылықты, дамыған инфрақұрылымды және демалыстың түрлі мүмкіндіктерін ұштастырады, бұл сіздің уақытыңыздың тек нәтижелі ғана емес, сонымен қатар жағымды өтуін қамтамасыз етеді.
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ
Орналасу уақыты: 14:00
Шығу уақыты: 12:00
Конференция қатысушылары ауданы 28–34 м², теңіз жартылай көрінетін стандартты нөмірлерге орналастырылады.
Максималды адам саны: 2 ересек + 2 бала немесе 3 ересек + инфант.
Нөмірде бір екі кісілік (king-size) және бір бір кісілік төсек бар.
Нөмірдің жабдықталуы:
— шәйнек және шайға арналған керек-жарақтар
— фен
— сейф
— мини-бар
— Wi-Fi
— тәпішке
Халат сұраныс бойынша беріледі.
Жайлы кеңістік пен алдын-ала ойластырылған жабдықталу конференцияның қарқынды бағдарламасынан кейін толық демалуға мүмкіндік береді.
ТАМАҚТАНУ: «All Inclusive» жүйесі бойынша 24/7, жергілікті және шетелдік алкогольді сусындар қоса беріледі.
Таңғы ас: 07:00-10:00
Кеш таңғы ас: 10:00-11:00
"Mirasol" мейрамханасындағы таңғы ас: 08:00-11:00
Түскі ас: 12:30 - 14:30
Кешкі ас: 18:30 - 21:30
Лобби-бар: 12:00-18:00
Негізгі мейрамханадан бөлек, қонақүйде дәстүрлі түрік мейрамханасы, снек-мейрамхана, балмұздақ, барлар мен тіскебасарлар, Mr. Kumpirs, Burger House, пиццерия, Grill Meatball, сондай-ақ “Анталия” мейрамханасы жұмыс істейді: 16:00 - 18:00. Қонақүй барларында жеңіл сусындар, дәмді кофе, су, десерт пен балмұздақ ұсынылады.
Барлық мейрамханалар мен барлардың толық жұмыс кестесі қонақүйге тіркелу кезінде берілетін қонақ картасында көрсетіледі.
ҚОСЫМША КӨРСЕТІЛЕТІН АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР:
- а-ля мейрамханаларына бару: "Miracle Frida" (мексикалық тағамдар), "Miracolo" (итальяндық тағамдар), "Анталия" (түрік тағамдары), "Лагос" (Жерорта теңізі тағамдары), "Mirasol" (түнгі a la carte сервисі: 21:30–07:00). Брондау құны — бір адамға 20 €.
- бала күтуші және балаларға арналған бейнебақылау қызметі
- SPA-орталық (массаж және дене күтімі)
- кір жуу қызметі
- кейбір премиум сусындар мен жаңа сығылған шырындар
Балалар үшін:
MINI CLUB-тың жұмыс уақыты:
10:00 - 12:00 / 14:30 - 17:00
- Mini Club: 4-8 жастағы балалар үшін
- Junior Club: 9-11 жастағы балалар үшін
- Teenage: 12-16 жастағы балалар үшін
- Mini Disco: 20:45
БАРЛАР
Назар аударыңыз: басқа қонақ үйлерде орналасуға рұқсат етілмейді.
Іс-шараға қатысуға қатысты барлық сұрақтар бойынша жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін Іс-шараларды ұйымдастыру бөліміне хабарласыңыз: